«Қош келдің, әз-Наурыз!» тақырыбында 1-11 сынып оқушыларының қатысуымен мектепішілік тәрбиелік мерекелік шара өтті.
Оқушыларға Наурыз мейрамы туралы терең мағлұмат беріліп,оның тарихи-мәдени мәні түсіндірілді.”Көрісу” салт-дәстүрі сахналық қойылым арқылы қатысушыларды ұлттық салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды құрметтеуге бағыттады.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында түрлі өнер туындылары көрсетілді.Ата-аналардың қолдауымен мектепішілік шара көрермен көңілінен шықты.Жыл басы-Наурыз мейрамы құтты болсын!

KZ
