Skip to content

Қайырымдылық – жүректен шыққан жақсылық 🤍 9 «Б» сынып оқушылары…

Қайырымдылық – жүректен шыққан жақсылық 🤍

9 «Б» сынып оқушылары мейірімділік пен жанашырлықтың жарқын үлгісін көрсетті. Олар өз еріктерімен әр түрлі азық-түлік өнімдерін жинап, көмекке мұқтаж отбасына табыстады.

Бұл игі іс арқылы оқушылар қайырымдылықтың маңызын түсініп, біреуге қуаныш сыйлаудың үлкен бақыт екенін сезінді. Оқушылардың кішкентай жүректеріндегі үлкен мейірім көпшілікке үлгі болары сөзсіз.

Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар оқушылардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, мейірімді тұлға болып өсуіне ықпал етеді.

Жақсылық жасаудан жалықпайық! 🌿