Атырау қалалық білім беру ұйымдарымен бірлескен жоспарына сай (№9 Ш.Уалиханов , №15 ; Сатпаев ; Ы.Алтынсарин, №22 А.Молдагулова ; №40 орта мектептердің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары,мектеп психологтары, әлеуметтік педагогтар мен тәлімгерлердің ұйымдастыруымен ата-аналар педагогикалық қолдау орталығының қызыметі бойынша “Атадан-өсиет, Анадан қасиет” тақырыбында қалалық 62 мектеп ата-аналарына арналған семинар ұйымдастырылды.
Мақсаты:
1.Ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеуге қатысу деңгейін арттыру.
2.Ата-аналарға педогогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыру бойынша тәжірбие алмасу.
Бағдарлама барысында баланың жан-жақты дамуы
үшін қолайлы орта тек мектепте ғана емес, отбасында да қамтамасыз етілуі қажет. Осыған орай, қазақстандық қоғамда тәрбиелеу әдістері мен құндылықтарын саналы таңдауға, бала мен ата-ана арасында сенімді қарым-қатынас орнатуға және баланың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған
саналы ата-ана мәдениетін қалыптастырып, нығайту қажет.Ата-аналардың оқу-тәрбие процесіне
белсенді қатысуы балалардың өзіндік сенімділігін, эмоцияларын басқару қабілетін, ынтымақтастық дағдыларын және мектеп ұжымына бейімделуін дамытуға оң ықпал етеді. Ата-аналардың мектеп өміріне жүйелі түрде қатысуы
баланың оқуға деген оң көзқарасын қалыптастырып, мотивациясын күшейтіп,
академиялық жетістіктерін арттырады; сондай-ақ оның әрі қарай білім алуға
ынталандыру мақсатында үлкен семинар өткізілді
KZ
