Атырау облысы Білім беру басқармасы Әдістемелік орталығының қолдауымен жалпы орта білімді дамыту бөлімі бойынша 2025 жылғы 11 желтоқсан күні, № 4 Ю.Гагарин атындағы жалпы орта мектеп базасында «Табысты сабақ: тиімді жоспарлау, бағалау, кері байланыс» тақырыбындағы семинар-практикумы өтті. Семинар-практикумның мақсаты: ағылшын тілі пән мұғалімдердің сабақты табысты өткізу үшін сабақ жоспарын дұрыс құру, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау және кері байланыс берудің заманауи тәсілдерін меңгеруі.Семинар аудандық, қалалық және облыстық білім беру бөлімдерінің ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің қатысуымен өтті.
Біздің мектебімізден спикер болып ағылшын тілі пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Апилова Нургуль Нурлибаевна «Steps an English teacher should take to make effective lesson plan»/«Ағылшын тілі мұғалімдеріне тиімді сабақ құру үшін қажет қадамдар» тақырыбымен барып, тәжірибе алмасып келді.
Мақсаты: to enable English teachers master the key steps of creating effective lesson plans and apply them confidently in their daily teaching practice.
Ағылшын тілі мұғалімдері тиімді сабақ жоспарын жасаудың негізгі қадамдарын меңгеріп, оларды күнделікті оқу процесінде сенімді түрде қолдану. Семинар-практикум соңында сертификат табысталды.








