Атырау қаласы №22Ә.Молдағұлова атындағы орта мектепте бүгін 8.12.25ж “Менің өмірімдегі кітап” байқауының мектепішілік кезеңі өтті. Сұраныс бойынша 109 оқушы қатысу керек болды.5 оқушы сабаққа келе алмай қалуына байланысты 104 оқушы қатысты. 1,2 орынға ие болған оқушылар қалалық кезеңге дайындалып, қатысады.Оқушылар сауалнамаға жауап беріп, оқыған кітаптарына сараптама жасады.Ұйымдастырушылар қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі, байқаудың жетекшісі Сайынова Г.М.




