№22 Ә.Молдағұлова атындағы орта мектептің 11 «ә» сыныбында 2025-2026 оқу жылында өткізілген сынып сағаты
Тақырыбы: «Құқық бұзушылықтың алдын-алу» .Өтілген күні: 05.12.2025ж.
Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру
Құқық туралы түсінік
Құқық дегеніміз – мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі. Қазақстан Республикасының Заңы Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы заңымен таныстыру. Осы Заңның мақсаты мен міндеттерімен;
• Құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесімен;
• Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың өкілеттіерімен танысады.
Слайд арқылы заңның азаматтардың құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі қызметінің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік негіздері мен қағидаттарын айқындайды
Тапсырма: “Құқық бұзушылықтың алдын-алу” Оқушыларды 3 топқа бөлу.
Әр топқа құқық бұзушылықтың түрлерін (физикалық, психологиялық, экономикалық) түсіндіру тапсырмасы беріледі. Топтар постер дайындап, өз ойларын сынып алдында қорғайды.Постер дайындауда басшылыққа алады: Құқық бұзушылықтың анықтамасын береді.Оның нақты белгілерін сипаттайды. (мысалы, физикалық зорлық-соққы, ұрып-соғу). Салдары түсіндіру (адам денсаулығына, психологиясына, қоғамға әсері). Алдын- алу жолдары ұсыну (қалай күресуге болады, кімге жүгіну қажет?).
Мұғалім: “Біз бәріміз мейірімді болсақ, әлем де жақсы жаққа өзгереді. Өзімізді және басқаларды қорғауды ұмытпайық. Әрқайсымыз мейірімділік танытып, өзімізді және басқаларды қорғауға дайын болсақ, әлем әлдеқайда қауіпсіз болар еді.



