“Адал азамат” Бірыңғай тәрбие бағдарламасы негізінде “Заң және тәртіп” айлығы шеңберінде № 22 Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде “Заң мен тәртіп: Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі” тақырыбында мектепішілік әкелер жиналысы өтті. Мақсаты-әкелердің қоғамдағы, отбасындағы рөлі зор екендігіне, отбасы тәрбиесінде аталар мен әкелер жолының ерекше екендігін айта келіп, мектептегі тәрбие мәселелері мен мектеп өміріне де атсалысуға шақыру.Құқықтық тәрбие айлығында шақырылған мамандарымыз бен әкелер комитетінің төрағасының және 1-11 сынып білім алушылары әкелерінің қатысуымен ұйымдастырылған жиналыста түрлі тренинг, әдіс-тәсілдер қолданылып, “Әкеден балаға өсиет” атты бейнеролик көрсетілді. Мектепішілік тәртіп пен Заң ережелері туралы сауалнамалар қойылып, түсіндірме жұмыстар жүргізілді.
“Адал азамат” Бірыңғай тәрбие бағдарламасы негізінде “Заң және тәртіп” айлығы…

KZ
