🇰🇿 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні
Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіз еліміздің айбыны мен мақтанышы. Олар халқымыздың тарихын, мәдениетін, бірлігі мен егемендігін бейнелейді.
Көк Туымыз – бейбітшілік пен татулықтың, ашық аспан мен жарқын болашақтың белгісі.
Елтаңбамыз – ортақ шаңырағымыздың, бірлік пен берекенің нышаны.
Әнұранымыз – Отанға деген сүйіспеншілікті арттырып, елге деген мақтаныш сезімін оятады.
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір азаматтың қасиетті борышы. Олар біздің ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, елге деген сүйіспеншілігімізді нығайтады.
Тәуелсіз Қазақстанымыздың көк байрағы әрдайым биікте желбірей берсін!#рәміздеркүні #атыраужаз2026 #біртұтас_тәрбие_атырау #атыраубілімберубасқармасы
KZ

