Skip to content

22 маусым күні 22 Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде “Кітап-білім…

22 маусым күні 22 Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде “Кітап-білім бұлағы” тақырыбында “Қыран”жазғы демалыс лагері балалары кітап оқудың маңыздылығы мен пайдасы туралы ақпараттандырылды.Таңғы жаттығу,таңғы астан соң кітап оқудың сан қырлы жетістіктері туралы бейнефильмдер көрсетілді.Мектебіміздің психологының көмегімен ептілік пен ұқыптылық техникасын қолдана отырып,балалардың қатысуымен жаттығу ойындары өткізілді.Мектебіміздің кітапханасына экскурсия жасалып,Жұмашева Талшын апайымыз түрлі жаңа әдеби кітаптармен таныстырды.Таза ауада ұлдар мен қыздар араласқан футболдан,эстафеталық ойындар ойнатылды.Кітап күніне орай танымдық ойындар ұйымдастырылды.”Менің ертегі кітабым”тақырыбында балалар сурет салып,шығармашылық тапсырмалар орындады.
Лагерь басшысы:Жайшева А.З;
Тәрбиешілер:Нсанова Б.Ж;Дженисова А.Б;Мектеп психологы:Ерғалиева Б.С;Денешынықтыру пәнінің мұғалімі:Құлман А.Қ