Skip to content

№ 22 Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебімізде 8 мамыр күні…

№ 22 Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебімізде 8 мамыр күні “Соғып тұр мерген қыздың жүрегі әлі” атты мектепішілік тәрбиелік іс-шара өткізілді. Бұл шараға қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы- Н.Р.Муталиев, қалалық ардагерлер кеңесі төрағасы орынбасары- С.С.Лукпанов, қалалық ардагерлер кеңесінің хатшысы-Зоя Кумаровна, еңбек ардагерлері- Б.Ж.Таубаев, С.Қ.Дюсекенов пен ардагер әжелер хоры қатысты. Мектебімізде қажырлы еңбек еткен еңбек ардагері ұстаздарымыз С.У.Убиев пен С.Ф.Хабибуллина Махамбет Өтемісұлына 220жыл “Дауылпаз” медалімен марапатталды. Бұл салтанатты шара мектебіміздің Жас ұстаздары, мектеп оқушыларының Жеңіс күніне орай ұйымдастырылған мерекелік концертімен жалғасты. Қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұлованың есімі берілген білім ордасында батыр қыздың рухына арналған гүл шоқтары қойылды. “Сарбаздар”,“Синий платочек” биі, “Катюша”, “Әлия” және Жас дарындылар хорының орындауында “Жеңіс туы желбіреп”, “Шығыстың қос жұлдызы” атты әндері орындалды. Сөз соңында мектеп басшысы А.К.Салиева ардагерлерімізді құттықтап, кеш қонақтарымен естелік фотоға түсті.Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақ батырларының жарқын бейнесі ешқашан ұмытылмайды.#атырауқалалықбілімб