Skip to content

16 маусым күні 22 Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде “Қыран”жазғы…

16 маусым күні 22 Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде “Қыран”жазғы демалыс лагері 2 маусымдық кезеңін бастады. Таңертеңгілік жаттығуды орындап,таңғы астан соң балалар лагерь ұранымен және лагерьдің ішкі тәртіп ережелерімен қатар”Қауіпсіздік ережелерімен”танысты.
Мектеп психологының қолдауымен”Танысу тренингі”өткізілді.”Табиғат күніне”орай таза ауада түрлі сайыстар мен ойындар ұйымдастырылды.”Менің қоршаған ортам-табиғат”тақырыбында суреттеу арқылы шығармашылық ойындармен жалғасты.
“Аңдар мен табиғат байланысы” туралы танымдық ойындар мен “Қолданбалы өнер”тақырыбында балалар өз қолөнер туындыларын жасады.Жаңа жасақ “Қыран”жазғы демалыс балаларына сәтті демалыс болсын!
Лагерь басшысы:Жайшева А.З;Тәрбиешілер:Нсанова Б.Ж;Дженисова А.Б;Мектеп психологы Ерғалиева Б.С;Денешынықтыру пәнінің мұғалімі :Құлман А.Қ;Мектеп медбикесі:Соколова С